445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда үш автобус соқтығысып, жеті адам зардап шекті

  • 170
  • UPD: 17:52, 18.02.2020
Алматыда үш автобус соқтығысып, жеті адам зардап шекті

Алматыда үш автобус жол апатына ұшырап, жеті адам зардап шекті, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Жол-көлік оқиғасы бүгін Сейфуллин даңғылы мен Масанчи көшесінің қиылысында болған. Барлық үш автобус батыс бағытта келе жатқан.

Оқиға салдарынан жеті адам ауруханаға жеткізілді.

«Біреуі нейрохирургия бөліміне жеткізілді. Жағдайы қазір тұрақты. Қалғандары үйлеріне амбулаторлық ем алуға жіберілді», - деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Хабар 24 телеарнасы