445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде киік мүйізін кесіп алған күдіктілер ұсталды

  • 167
  • UPD: 22:02, 18.02.2020
Ақтөбеде киік мүйізін кесіп алған күдіктілер ұсталды

Ақтөбенің Әйтеке би ауданында киік мүйізін кесіп алған күдіктілер ұсталды.

15 ақпан күні Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының криминалдық және табиғатты қорғау полиция бөлімінің қызметкерлері «КамАЗ» автокөлігін тоқтатты. Көлік ішінде жүргізуші мен екі жолаушы болған. Барлығы Әйтеке би ауданының тұрғындары. Автокөлікті тексеру кезінде 6 дана ақбөкен мүйізі, үш қоян және ара табылып, тәркіленді. Күдіктілер жайылымнан 100 шақырым жерде ақбөкен мүйізін кескенін айтты.

Хабар 24 телеарнасы