424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде пәтер өртеніп, бір адам қаза тапты

  • 441
  • UPD: 17:37, 20.02.2020
Семейде пәтер өртеніп, бір адам қаза тапты

Семей қаласындағы Шүлбі кентінде бес қабатты тұрғын үйде өрт шығып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кеше түнде 101 нөміріне хабарласқан тұрғындар Шүлбі кентінде өрт шыққанын айтқан. №40 өрт сөндіру бөлімшесінің құтқарушылары бірден оқиға орнына аттанады. Анықталғандай, 2-ші ықшам аудандағы бес қабатты тұрғын үйдің бір бөлмелі пәтерінде өрт шығыпты. Ағаш жиһаз құрылымдарды шарпыған тілсіз жаудың жалпы аумағы - 4 шаршы метр.

«Подъезд ішін көк түтін тұмшалаған. Құтқарушылар 23 адамды эвакуациялады. Өрт сөндіру кезінде еденнен 1954 жылы туған үй иесінің денесі табылды», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қызыл жалын 22 сағат 38 минуттың ішінде толықтай ауыздықталды. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығу себебі, мас күйінде темекі шегу немесе отты абайсыз пайдалану. Айта кетсек, бұл – биыл Шүлбі кентіндегі адам өліміне әкеліп соққан екінші өрт оқиғасы.

13 ақпан күні үй ішінде темекі шеккен семейлік көз жұмған болатын. Осы орайда ТЖД тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

Хабар 24 телеарнасы