424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында жоғалған ер адамның мүрдесі табылды

  • 350
Ақмола облысында жоғалған ер адамның мүрдесі табылды

Ақмола облысында жоғалып кеткен ер адамның мүрдесі даладан табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

63 жастағы азамат жеке көлігімен Шортанды ауданына балық аулауға шыққан. Оның үйіне оралмағаны жөнінде полицияның кезекші бөліміне досы хабарласқан. Тәртіп сақшылары адасқан балықшының денесін бір тәуліктен соң Новокубанка мен Белое Озеро ауылдарына жақын маңнан тапты. Алдын ала болжам бойынша, марқұм қарға батқан көлігін тастап, жаяу шығып кеткен. Айта кетерлігі, өңірде бірнеше күннен бері боран толастамай тұр. Республикалық және облыстық маңыздағы жолдардың басым бөлігі әлі ашылған жоқ.     

Гүлнәр Пинчук, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

– Полиция қызметкерлері, құтқарушылар мен жергілікті тұрғындардан іздеу тобы құрылды. Іздеу шараларын өткізуге арнайы терхика мен қарда жүретін көлік тартылды. Қазіргі таңда бұл дерек бойынша оқиға орны тексерілді. Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаларға жіберілді.

Хабар 24 телеарнасы