426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда 15 жастағы мектеп оқушысы жоғалып кетті

  • 608
  • UPD: 11:48, 21.02.2020
Алматыда 15 жастағы мектеп оқушысы жоғалып кетті

Алматыда 15 жастағы мектеп оқушысы іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жоғалып кеткен оқушы туралы ақпарат қалалық білім басқармасының Facebook парақшасында пайда болды. Күнту Шерхан Тұрмаханбетұлы 8 сыныпта оқиды. Ол 20 ақпан күні сағат 14:30 үйден шығып, осы уақытқа дейін оралмаған. Баланың ата-анасы полицияға кеше кешкі сағат 21-де хабарласқан. Баланы іздеп табу үшін арнайы топ құрылды. Оның құрамына ювеналды және криминалдық полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар бар.

«Іздеу жұмыстарына волонтерлер де тартылды. Қазір қаладағы барлық сауда үйлері мен компьютерлік клуб қызметкерлеріне баланың суреті таратылды. Іздеу жұмыстары түнде басталды. Бала аман-есен табылады деген үміттеміз», – дейді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Хабар 24 телеарнасы