476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Оралда 5 келіден астам есірткі тәркіленді

  • 827
  • UPD: 15:18, 21.02.2020
Оралда 5 келіден астам есірткі тәркіленді

Батыс Қазақстан облысында есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері аса ірі көлемде есірткі заттарын сақтаған екі күдіктіні қолға түсірді.

Оның бірінен 4 келі марихуана табылса, екіншісінен алынған есірткі сараптамадан өтіп жатыр. Алғашқы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 296 бабының 4-ші тармағы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Жалпы жыл басынан бері өңірде есірткіні сақтап, сатуға қатысты 6 қылмыстық іс тіркеліпті, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 5 келіден асады екен. Соның ішінде синтетикалық есірткінің көбеюі мамандарды ерекше алаңдатып отыр.

Әлішер Сары, БҚО ПД есірткіге қарсы күрес басқармасының басшысы:

– Психотроптық заттар адам ағзасына, ми-жүйкесіне қатты әсер етеді. Өйткені ол химиялық синтетика. Әсіресе жастардың арасында таралған. Мүгедек болып қалады. Адам өліміне дейін апарады ол зардабы.

Хабар 24 телеарнасы