447,59 487,00 5.74

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде студенттер жатақханасы өртенді

  • 154
  • UPD: 18:27, 21.02.2020
Семейде студенттер жатақханасы өртенді

Семей қаласындағы жоғары оқу орны жатақханаларының бірінде өрт шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық ТЖБ баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға бүгін сағат 13:00 шамасында Физкультурная көшесінде болған. Өрт жатақхананың 6-қабатында шыққан. Жиһаз бен төсек-орынды шарпыған қызыл жалынның жалпы аумағы 10 шаршы метр болды. Ғимараттағы 80 адам өрт тұтана салысымен сыртқа шыққан. Адамдарды эвакуациялауға көмектесіп жүріп, ащы газ иісін көп жұтып қойған 1972 жылғы күзетші уланып, ауруханаға жеткізілді.

«Тілсіз жауды ауыздықтауға 30 өрт сөндіруші мен 6 автоцистерна жұмылдырылған. Жалын сағат 13:31-де толықтай өшірілді. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына отты абайсыз пайдалану немесе электр жабдықтарының апаттық жағдайда болуы себеп болуы мүмкін», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Хабар 24 телеарнасы