431,94 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында қаржы алаяқтарына 40 адам алданып қалды

  • 188
  • UPD: 23:40, 21.02.2020
Алматы облысында қаржы алаяқтарына 40 адам алданып қалды

Алматы облысында да 40 адам қаржы пирамидасынан зардап шеккен. Алаяқтардың тұрғындарға келтірген шығыны 60 млн теңгеге жеткен.

Прокуратура қызметкерлерінің айтуынша былтыр өңірде осындай 8 жағдай тіркеліп, бесеуі сотқа жіберіліпті. Қалғандарына қатысты тергеу амалдары әлі күнге дейін жүргізіліп жатыр екен. Осы жылдың екі айында бұған тағы бір қаржы жүйесі қосылып, жымысқы әрекетін жүзеге асырған. Прокуратура тыйым салмағанда оңай олжаға қарық боламыз деп сан соғып қалғандар қатары көп болатын еді,- дейді тәртіп сақшылары. 

Данияр Мұхияев, облыс прокурорының аға көмекшісі:

- Осы пирамидаға тұрғындар 190 мың теңгеден бастап, 300 мың теңгедей қаражат салған. Осы пирамиданың қатысушылары нарықта жоқ, бұрын соңды болмаған, жоғары кіріс жария еткен. Агрессивті жарнама жасаған, басқа қатысушылардың салымынан жаңа қатысушыларға қаражат төлеуді айтқан, ұйымның нақты анықтамасы жоқ. Кіру ақы сұраған. Осыған байланысты тұрғындарға айтарымыз күмәнді кәсіпорындарға ақша салудан аулақ болу керек.

Хабар 24 телеарнасы