422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда жеті жүк көлігі өртеніп кетті

  • 475
  • UPD: 23:37, 22.02.2020
Қарағандыда жеті жүк көлігі өртеніп кетті

Бүгін Қарағандыдағы жүк көліктері тұратын бокста өрт шығып, салдарынан тілсіз жау 2000 шаршы метр аумақты шарпыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

22 ақпанда сағат 17: 04-те Қарағанды қаласының Октябрь ауданында өрт пайда болғаны туралы хабар келіп түсті. Байжанов шахтасының маңында жүк көліктеріне арналған бір қабатты бокс жанған. Ғимараттың шатыры мен ішіндегі 7 жүк көлігі жанып, 2000 шаршы метр аумақта төбенің құлауы орын алды.

«19 сағат 04 минутта өрт сөндірушілер өртті толықтай жойды. Тілсіз жаумен күреске Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамынан 65 адам мен 17 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өрттің алдын ала себебі – пеш жабдығының ақаулығы», деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы