424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Самара-Шымкент жолында көлік апатынан 4 адам қаза тапты

  • 501
  • UPD: 13:45, 23.02.2020
Самара-Шымкент жолында көлік апатынан 4 адам қаза тапты

Самара-Шымкент жолында апат болып, төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға бүгін тіркелді. Самара-Шымкент тас жолының 915 шақырымында 39 жастағы КамАЗ жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, «Volkswagen Sharan» көлігімен соқтығысты.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұловтың хабарлауынша, жеңіл көліктің бір жолаушысы дене жарақатын алып, төрт адам оқиға орнында көз жұмды. Полиция жол ережесін сақтауды қатаң ескертеді.

Хабар 24 телеарнасы