411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада тұрғын үйдегі өрттен бір адам көз жұмды

  • 185
Қызылордада тұрғын үйдегі өрттен бір адам көз жұмды ҚазАқпарат

Қызылордада тұрғын үйден шыққан өрттен бір адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шілдебаев көшесі бойында тұрғын үйден 18.48 шамасында өрт шыққан. Жергілікті 112 құтқару қызметіне түскен қоңыраудан кейін өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы дереу іске кірісті. Оқиға орнында барлау жұмыстарын жүргізді. Өрт тұрғын үйдің ас бөлмесінен шыққаны анықталды. Өртті оқшаулау барысында газ түтінінен үй ішінде ес-түзсіз жатқан 1983 жылғы азаматтың бар екені белгілі болды.

Хабар 24 телеарнасы