399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемендегі «Самал» саябағынан шу шықты

  • 231
  • UPD: 14:56, 24.02.2020
Өскемендегі «Самал» саябағынан шу шықты

Өскеменде өткен жазда бүкіл елге жар салып ашылған «Самал» саябағынан шу шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нақтырақ айтсақ, демалыс орнын салуға қатысқан бас мердігермен қосалқы компаниялар соттасып жатыр. Құны жарты миллиардтан астам теңге тұратын тендерді «Экспертиза аналитика» деген компания жеңіп алады. Бірақ ол қосымша тағы 5 мердігер мекемені жалдайды. Құрылыс жұмыстары наурыз айының соңында басталғанымен тендер шілде айының аяғында өткізілген. Оған қарамастан, қосалқы мердігерлер өз қаражаттарына жұмысты бастап кетеді. Нәтижесінде тамыздың 26-ында саябақ ресми түрде ашылады. Алайда, күндіз-түні тоқтаусыз жұмыс істеген қосалқы 5 компанияға бас мердігер қаражатты әлі күнге толық бермеген. Негізгі жұмыстың бәрін атқарған олардың бас мердігерден қазір 171 млн теңге алашағы бар.

Руслан Сағымбаев, учаске бастығы:

Біз фляж салдық. Бүкіл Ертістен бастап бүкіл жағаны тазалап, фляжға балшық 30 мың текше метр шығардық. Соншама смета бойынша тас алып салдық. Қаншама асфальт кетті. Қазір енді не ақша жоқ. Түк жоқ жүрміз. Мған 3 миллиондай қарыз. Осы бас мерідгер «Экспертиза аналитика ».

Хабар 24 телеарнасы