420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Рудныйда екі әйелді өлтіріп кеткен күдікті ұсталды

  • 410
  • UPD: 12:34, 24.02.2020
Рудныйда екі әйелді өлтіріп кеткен күдікті ұсталды

Рудныйда екі әйелді өлтіріп кеткен 39 жастағы күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің маманы Кенже Қонысбай растады.

«Оқиға 21 ақпан күні болған. Рудный қаласының тұрғыны полицияға хабарласып, 68 жастағы әпкесінің телефон қоңырауына жауап бермейтінін айтқан. Кейін оның 34 жастағы туысы жоғалып кеткені анықталды. Іздеу шаралары барысында кеше екі әйелдің де денесі табылды. Осы іс бойынша 39 жастағы күдікті қолға түсті», – деді Кенже Қонысбай.

 Күдікті бұған дейін де қылмыс жасап, түрмеге қамалған. Тергеу жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы