443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да электровоз қар тазалайтын локомотивпен соқтығысты

  • 115
  • UPD: 23:30, 24.02.2020
СҚО-да электровоз қар тазалайтын локомотивпен соқтығысты

Солтүстік Қазақстан облысында өткен аптада қар құрсауынан 150-ге жуық көлік пен 300-ден астам адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті өткен аптаны қорытындылап брифинг өткізді. Дағдарыс жағдайлар басқармасының бастығы Рүстем Жұмағалиевтің айтуынша, құтқарушылар барлығы 46 оқиғаны тіркеген. Оның 22-сі табиғаттың тосын мінезінен болған.

«Қар құрсауынан 300-ден астам адамды құтқардық, 133 жеңіл көлік пен 14 жүк көлігін қауіпсіз жерге шығардық. Облыс бойынша үш жылыту бекеті жұмыс істеді. Екі жағдайда адамдарды өтімділігі жоғары техникамен тасымалдауға тура келді. Оның біреуінде ер адамның жүрек талмасы ұстаса, екіншісінде аяғы ауыр әйелге жедел көмек қажет болды. Облыс және республикалық маңызы бар жолдардың 10 учаскесі боранның салдарынан жабылды», - деді Р.Жұмағалиев.

Ал «Новоишимское» теміржол станциясында электровоз бен жолды қардан аршитын локомотив соғылып қалған. Зардап шеккендер жоқ. Бірақ төтенше жағдайдың салдарынан «Қостанай-Қарағанды» жолаушылар пойызы үш сағатқа жолынан қалды. «Синоптиктердің болжамынша, алдағы аптада қар жауып, тұман түседі. Боран соғып, екпіні секундына 20-23 метрге дейін жететін дауыл тұрмақ. Ал күндіз ауа температурасы +4 градусқа дейін жылынса, түнде -11 градусқа дейін суытады», - деді Р.Жұмағалиев.

Хабар 24 телеарнасы