443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда іргесінде оқушылар мінген автобус дүңгіршекке соғылды

  • 143
  • UPD: 18:40, 25.02.2020
Елорда іргесінде оқушылар мінген автобус дүңгіршекке соғылды

Елорда іргесіндегі Қараөткел ауылында оқушылар мінген автобус дүңгіршекке соғылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға таңғы сағат 07:00 шамасында болған. Балаларды жинап, мектепке келе жатқан автобус тайғанап, жолдан шығып кеткен. Көлік ішінде 25 оқушы, 1 медбике мен мұғалім отырған. Бәрі аман-есен. Тек кейбір балалар жеңіл жарақат алыпты. Мектеп ұжымы автобустың бір серіктестікке тиесілі екенін жеткізді.

Сұлтан Сансызбайұлы, №69 мектеп-гимназиясының мұғалімі:

Қазіргі таңда 25 оқушының жағдайы жақсы. Дәрігерлік тексеруден өтті. Қазіргі таңда бәрі үйіне жебірілді. Ауруханада ешкім жатқан жоқ.

Хабар 24 телеарнасы