426,73 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетауда магистральді су құбыры жарылды

  • 655
  • UPD: 18:58, 25.02.2020
Көкшетауда магистральді су құбыры жарылды

Көкшетауда кәріз жүйесінің сорғы станциясында болған апатты жою жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Коммуналдық мекемедегі жауаптылардың айтуынша, 7 метр тереңдіктегі диаметрі 800 миллиметр болатын магистральді құбыр жарылған екен. Соның салдарынан кәріз суы лаймен араласып, сыртқа шығып жатыр. Бұл мамандардың жұмысына едәуір қиындық туғызуда. «Соған қарамастан, саладағылар бар шаруаны бүгін реттеп, кешке дейін жүйені қалыпқа келтіреміз», деп отыр. Апатқа 30 жыл бұрын салынған жерасты құбырының ескіруі себеп болған. Айта кетейік, осы жағдайға байланысты кеше кешкісін Көкшетаудың басым бөлігіне су беру тоқтатылған еді.

Қазыбек Сәдуақасов, коммуналдық мекеменің бас инженері:

- Су Сарыарқа, Көктем, Бірлік, Васильковский ықшам аудандарында болады. Қалған аудандарға тіршілік нәрін кәріз жүйесін жасап біткеннен соң береміз. Кеше біз тұрғындардың барлығына ескертіп, қажет мөлшерде су жинап алу керектігін айттық. Қазір аурухана, балабақша, қан құю орталығына су тасып  беріп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы