431,94 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында есірткі жарнамалаған сайттар бұғатталды

  • 132
  • UPD: 15:42, 26.02.2020
Маңғыстау облысында есірткі жарнамалаған сайттар бұғатталды

Маңғыстау облысында осы есірткі затын жарнамалаған 24 веб-сайт бұғатталды. Құқық қорғаушылар әлеуметтік желілерден наша мен марихуананың сатылатындығы туралы хабарландыруды тапқан.

Ғаламторда белгісіз біреулер ашқан парақшалар бүгінде тегіс жойылды. Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Айта кетейік, елімізде электронды сайт арқылы есірткі жарнамалаған адамға жарты млн теңге көлемінде айыппұл салынады. Сондай-ақ кінәлі азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Әйгерім Ибатуллаева, облыстық полиция департаменті бөлім басшысының міндетін атқарушы:

- Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлерімен сегіз ғимарат сыртына есірткі заты жарнамаланған суреттер мен жазбалар анықталып, өшірілді. Көп жағдайда олардың наша туралы екендігін облыс тұрғындары біле бермейді. Ал нашақорлар болса әртүрлі мессенджерлер арқылы есірткі сатып алуға бейімделіп барады. Осы ретте электронды сайттар да аймақтық полиция департаментінің жіті бақылауында.

Хабар 24 телеарнасы