413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемендегі ұшақ апаты: зардап шеккен бір адам ауруханада

  • 317
  • UPD: 20:04, 26.02.2020

Ұшақты басқарған ұшқыштың бірі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәрігерлердің айтуынша, қазір оның жағдайы қалыпты. Өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Ал ұшақ ішінде болған өзге адамдар медициналық тексеруден кейін үйлеріне жіберілген.

Владимир Ли, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

– Ауруханаға жатқызылған зардап шегушінің бұғана сүйегі зақымданған. Дегенмен ұшақтың осындай қауіпті қону сәтін ескерсек, жеңіл жарақат деп қарауға болады. Сондықтан біздің дәрігерлердің жіті бақылауында.

Рафаил Халитов, қалалық санитарлық авиация бөлімінің меңгерушісі:

– 10 минуттай қалыпты жағдайда ұштық.Содан кейін қозғалтқыштан ақау шықты. Содан соң ұшқыш жазық далада, қалың қарға шұғыл қона бастады.Осылайша ұшақ аударылып, өрт шықты. Аударылар кезде барлығымыз қауіпсіздік белдігімен болдық. Бірден оны шешіп, есіктен шығып, қауіпсіз аймаққа жүгірдік. Осылай аман қалдық.

Хабар 24 телеарнасы