420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да балалар мінген автобус апатқа ұшырады

  • 521
  • UPD: 10:35, 27.02.2020
ШҚО-да балалар мінген автобус апатқа ұшырады

Бүгін Өскемен Шемонайха бағытындағы тас жолда балалар отырған автобус жүк көлігімен соқтығысып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, жол көлік оқиғасы Глубокое ауданы Прапорщиково ауылы маңында болған.

Автобустағы балалар Шемонайха ауданындағы спорттық сайысқа қатысу үшін жолға шыққан екен. Алдын ала ақпарат бойынша, жүк көлігі қарама-қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, автобуспен соқтығысады. Абырой болғанда мерт болғандар жоқ. Зардап шеккендер саны анықталуда.

Оқиға орнында медицина мамандары мен полиция қызметкерлері  жұмыс істеп жатыр. Қазір жол апатының мән-жайы анықталуда.

Жалпы автобуста 53 жолаушы болған,олардың 46-сы балалар.

Еске сала кетейік, кеше дәл сол маңда «Орлан 2000» әуе компаниясына тиесілі ұшақ апатқа ұшыраған болатын. 

Хабар 24 телеарнасы