420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорда маңындағы тас жолда жаппай көлік апаты тіркелді

  • 305
  • UPD: 13:27, 27.02.2020
Елорда маңындағы тас жолда жаппай көлік апаты тіркелді

Қала іргесіндегі Қосшы ауылына апарар тас жолда жаппай көлік апаты тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Салдарынан кептеліс туындап, қозғалыс тоқтап тұр. Апатқа қолайсыз ауа райы себеп болған көрінеді.

Айта кетейік, бүгін қала маңындағы елді мекендерге қатынайтын автобустардың қозғалысы тоқтатылды. Бірақ кей бағыттар бойынша жол ашық. Елордадан шамамен 15 шақырым жерде орналасқан Қосшы ауылында 50 мыңдай халық тұрады. Басым көпшілігі қалаға қатынап жұмыс істейді.

Хабар 24 телеарнасы