413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында 19 жастағы мұғалімді зорлаған күдікті қолға түсті

  • 299
  • UPD: 15:09, 27.02.2020
Павлодар облысында 19 жастағы мұғалімді зорлаған күдікті қолға түсті

Павлодар облысында 19 жастағы мектеп мұғалімін зорлаған күдікті қолға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға 25 ақпан күні Аққулы ауданының Майқарағай ауылында болған. Ауыл тұрғыны жас мұғалімді тура мектептің жанында қараусыз қалған ескі ғимаратқа апарып, азғындық әрекетін жүзеге асырған. Таңертең жәбірленген қыз полицияға арыз жазыпты. Жедел іздестіру тобы күдіктіні бір тәуліктей іздеп, көрші ауылдан тапты. Баспасөз маслихатында облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары бұл азаматтың 2010 жылы осы тектес қылмыс жасағанын атап өтті. Ол кезде жәбірленуші тарап шағым түсірмеген. Аққулы ауданы Майқарағай ауылының 30 жастағы тұрғыны 2017-2018 жылдары мал ұрлығы үшін істі болып, қылмыстық жазаға тартылған екен. Бірақ тараптардың ымыраға келуіне байланысты соттың шешімімен іс тоқтатылыпты. Қылмыстық оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Елдар Әбдікенов, ПД бастығының орынбасары:

- Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120, 121-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Жедел іздестіру шаралары кезінде күдікті адам ұсталды. Қазіргі таңда жасаған қылмысын толық мойындап отыр.

Хабар 24 телеарнасы