422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте бірнеше үйдің ауласын су басты

  • 369
  • UPD: 17:45, 27.02.2020
Шымкентте бірнеше үйдің ауласын су басты

Шымкентте авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді. Ақпанның 26-нан 27-іне қараған түні қала аумағында қатты жаңбыр жауып, соңы қарға ұласқан. Салдарынан бірнеше үйдің ауласы мен жолдарды су басты.

Қалалық төтенше жағдай департаменті жедел құтқару жасағының бөлімшелері Абай, Әл-Фараби, Қаратау аудандарында қалдық суды шығару жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ авариялық-құтқару шаралары Қайтпас-1, Нұртас, Ақжайық, Химфарм, Қазығұрт, Самал-3 шағын аудандарында ұйымдастырылды. Оған департаменттің 35 қызметкері мен 8 техникасы және 8 мотопомпа жұмылдырылды. Жеке тұрғын үйлер мен басқа да нысандардан жалпы көлемі 1 мың 137 текше метр су шығарылды. 

Мадияр Жақсыбаев, қалалық ТЖД басшысының орынбасары:

- 112 желісіне азаматтардан 11 рет қоңырау, соынмен қатар құлаған бұтақтар мен ағаштарды кесу бойынша 22 қоңырау келіп түсті. Сондай-ақ автокөліктерге ағаштардың құлауы туралы ақпарат түсті. Барлық жағдай бойынша халыққа дереу көмек көрсетілді. Бұл жағдай қазіргі таңда бақылауға алынған. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Хабар 24 телеарнасы