443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда бірнеше көлік соқтығысып, төрт бала зардап шекті

  • 135
  • UPD: 22:09, 27.02.2020
Алматыда бірнеше көлік соқтығысып, төрт бала зардап шекті

Алматыда бірнеше көліктің соқтығысуынан 4 бала жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жол апаты Сәтбаев-Тұрғыт Озал көшелерінің қиылысында болды.

Батысқа бет алған «Toyota Corolla» көлігі бағдаршамның қызыл түсіне тоқтап тұрған. Осы уақытта ЗИЛ жүк көлігі Сәтбаев көшесімен шығысқа қарай келе жатқан.

Мәлім етілгендей, жүк көлігі жол үстінде бұрылмақ болып, қарсы беттегі «Suzuki»-мен соғылған. «Suzuki» өз кезегінде «Toyota»-ны соққан.

«4 бала Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығына жеткізілді. Екеуіне «жабық бассүйек-ми жарақаты, мидың шайқалуы» диагноздары қойылды. Қалған екеуінде жұмсақ тіндері соққы алған. Ата-аналары ауруханаға жатқызудан бас тартты»,- деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Хабар 24 телеарнасы