448,01 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында жол апатынан бес адам көз жұмды

  • 146
  • UPD: 13:39, 28.02.2020
Атырау облысында жол апатынан бес адам көз жұмды polisia.kz

Атырау облысында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болып, бес адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін таңертең Құлсары-Теңіз тас жолында Жылыой ауданы Теңіз вахталық кентінен 25 км қашықтықта екі автокөлік соқтығысты. Ресейлік есепте тұрған Chevrolet Aveo маркалы көлігінде Қазақстанның 4 азаматы болған. Олардың барлығы апат орнында қаза тапты.

Қарама-қарсы бағытта келе жатқан «Лада 2131» маркалы екінші көлікте Батыс Қазақстан облысының тұрғындары келе жатқан. Жүргізуші алған жарақаттан оқиға орнында қаза тауып, жолаушы ауруханаға жеткізілді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Болған оқиғаның мән-жайы мен себептері тағайындалған сараптамалар жүргізілгеннен кейін анықталады.

Хабар 24 телеарнасы