447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ескертуді пысқырмағандар тәртіп сақшыларымен жаға ұстасты

  • 101
  • UPD: 18:00, 28.02.2020

Жолдардың жабылуы жүргізушілер мен полицейлер арасындағы жанжалға ұласты.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Нұр-Сұлтан – Теміртау аралығындағы қозғалысқа шектеу қойылған болатын. Бірақ кейбір адамдар ескертпені пысқырмай, тәртіп сақшыларымен жаға ұстасты. Оны куәгерлердің бірі түсіріп алған таспадан анық байқауға болады. Ақыры ондаған жүргізуші жолды бөгеп тұрған полиция көліктерін итеріп, қозғалыстарын ары қарай жалғастырды. Енді тәртіпке бағынбағандар жауапкершілікке тартылатынын ескертеді жергілікті полиция департаменті. Қазір Нұр-Сұлтан – Теміртау бағытындағы тас жол ашылып, көлік қозғалысы қалпына келтірілді.

Жаңатай Сембеков, Қарағанды облысы полиция департаменті басқармасының жетекшісі:

- Полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамай қарсылық танытқан көлік жүргізушілері жауапкершілікке тартылатын болады. Олардың барлығы анықталып, полиция бөліміне жеткізілуде.

Хабар 24 телеарнасы