418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Полиция қызметкерлерімен жаға жыртысқандар заң алдында жауап береді

  • 351
  • UPD: 22:27, 28.02.2020
Полиция қызметкерлерімен жаға жыртысқандар заң алдында жауап береді

«Жол жаптың» деп күш көрсеткен. Айтпағымыз, Теміртаудың жолындағы жанжал.

Күннің қолайсыздығына байланысты Нұр-Сұлтан – Теміртау аралығындағы қозғалысқа шектеу қойылған. Бірақ бір топ жүргізуші сол шектеуді елемей, жолын бөгеген полицейлермен жаға жыртысқан. Тіпті бұл жүргізушілер жолдағы полиция көлігін итеріп тастайды. Жолға шығармаған полиция қызметкерін де көлікпен басып кете жаздаған. Амалы таусылған полиция қызметкерінің бірі көліктердің алдын кес-кестеп жатып алады. Алайда, ентелеген жұрт оны күшпен жұлқып тартып, бірнеше көлік сытылып тас жолға шығып кеткен

Қазір күдіктілер анықталды. Енді олар заң алдында жауап береді. Айта кетейік, қазір Нұр-Сұлтан –Теміртау бағытында жол ашылды.

Жанатай Сембеков, облыстық полиция департаментінің ресми өкілі:

- Полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбаған көлік жүргізушілері тиісті жауапкершілікке тартылады. Екі газель автокөлігі, және жеңіл автокөлік жүргізушілері полиция бөлімшесіне жеткізілді. Полиция қызметкерін көлігімен қасақана қағып кеткен көлік жүргізушісіне де тиісті айып тағылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы