Жезқазғанда автобустың ішінде екі адам әскери қызметшілерді пышақтады
- 505
- UPD: 10:14, 02.03.2020

Жезқазған қаласында араққа сылқия тойып алған ер азамат Ұлттық ұланның екі бірдей сарбазын қасақана пышақтап кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оқиға жолаушылар автобусының ішінде болыпты. Ішімдік ішкен ер азамат қоғамдық көлікте отырған қыздардың бірінің мазасын қашырады. Сол кезде араша болған екі сарбаз әлгі бұзақыны автобустан түсеріп жіберген. Алайда ашуға булыққан ол өзінің досын шақырып, жеңіл көлікпен автобусты қуып жетіп, әлгі екі сарбазға пышақ салады. Қазір бұл оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.