411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада жол апатынан 3 адам көз жұмды

  • 312
  • UPD: 10:31, 04.03.2020
Қызылордада жол апатынан 3 адам көз жұмды

Қызылорда облысында жол апатынан 3 адам қаза тауып, 5 адам жарақат алды, деп хабарлады Polisia.kz.

Оқиға 4 наурызда сағат 00:30 шамасында Қызылорда – Жалағаш тасжолының Сырдария ауданы Қалжан Ахун ауылы тұсында болған. «Ваз-21214 Нива» маркалы автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, қарама-қарсы бағытта келе жатқан «Опель Вектра» автокөлігіне соқтығысқан. Салдарынан үш адам қаза болып, бес адам жарақат алды. Олар аудандық ауруханаға жеткізілді.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігімен (Абайсызда екі адамның немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қылмыстық іс бойынша барлық қажетті сот сараптамалары тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы