420,07 490,30 5.68
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда тұрғын үй өртенді

  • 317
  • UPD: 13:46, 04.03.2020
Петропавлда тұрғын үй өртенді

Петропавлдағы Жұмысшы кентінде барак типті үй өртеніп, салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 наурызда түнгі сағат 00.55 минутте өрт сөндіру қызметінің «101» нөміріне Петропавл қаласы, Ломоносов көшесі, 1 мекенжайдағы барак типті 4 пәтерлі үйдің жанып жатқандығы жөнінде хабар түседі. Оқиға орнына екі өрт сөндіру бөлімшесі жіберілді. Мамандар келген кезде баспана толығымен отқа оранып үлгерген екен. Он адам, соның ішінде екі бала және екі газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды. Өрт сөндіру барысында үйден 46 және 42 жастағы екі ер адамның денесі табылды.

Өртті сөндіруге 13 адам және 3 техника жұмылдырылды. Жалын толығымен сағат 01.41 минут кеткенде ауыздықталды. Мамандардың айтуынша, өрттің салдарынан үйге айтарлықтай зақым келді. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына тұрмыста қауіпсіздік ережелерін сақтамау себеп болуы мүмкін. Қазіргі таңда нақты себебі және келген шығын мөлшері анықталып жатыр.

Жалпы, жыл басынан СҚО-да 77 өрт тіркелсе, 11 адам мерт болған. Оның екеуі – бала.

Хабар 24 телеарнасы