429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да мемлекеттік қызметкерге шабуыл жасалды

  • 437
  • UPD: 15:30, 04.03.2020
БҚО-да мемлекеттік қызметкерге шабуыл жасалды

Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында мемлекеттік қызметкерге шабуыл жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

3 наурыз күні түнде аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының үйіне 3 адамның баса-көктеп кіргені туралы хабарлама полицияға түскен. Оқиға орнына жедел жеткен тергеу тобы күдіктілерді қолға түсірді. Жәбірленуші жол жөндеу жұмыстарына қатысты тендерден ұтылып қалған кәсіпкердің өзіне бұрын да қоқан-лоққы жасағанын, енді үйіне келіп қорқытқанын, өзінің пышақпен қорғануға мәжбүр болғанын айтады. Ал бейресми дерек көздеріне сүйенсек, күдікті мен жәбірленуші бұрыннан таныс көрінеді. Қалай болғанда да, оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталмақ.

Болатбек Белгібеков, облыстық полиция департаментінің ресми өкілі:

- Осы факті бойынша қазіргі уақытта Теректі ауданының полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабының 3-бөлігі бойынша (өзінше билік ету) және 149-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Сот күдіктілерге қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасын қабылдап отыр.

Хабар 24 телеарнасы