443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда мектептен 600-ге жуық адам эвакуацияланды

  • 181
  • UPD: 00:10, 05.03.2020
Оралда мектептен 600-ге жуық адам эвакуацияланды

Оралдағы орта мектептен 600-ге жуық адам қауіпсіз жерге шығарылды. Мұндағы химия кабинетінің зертханасындағы түзілістен ауаға бу тараған.

Артынша дабылдатқыш іске қосылады. Төтенше жағдай қызметкерлері де жеткен. Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Мамандар ғимараттағы ауа құрамын зерттеп, адам өміріне қауіп жоқ деген қорытындыға келді. Қазір сабақ жүріп жатыр. Бірақ химия кабинеті әзірге жабық. 

Ерлан Төрегелдиев, облыстық ТЖД басқарма бастығы:

- Химиялық реактивтер қоршаған ортаға, соның ішінде адамдарға аса қауіпті. Сондықтан сақтық шараларын естен шығаурға болмайды. Әсіресе ауа соратын суырмалы шкафтардың жұмысын қадағалау қажет. Бұл мектепте сол талаптар сақталмаған.

Хабар 24 телеарнасы