411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда 5 ай бұрын жоғалған оқушы табылды

  • 638
  • UPD: 10:21, 06.03.2020
Түркістанда 5 ай бұрын жоғалған оқушы табылды

Өткен жылдың қазан айында жоғалып кеткен мектеп-интернаттың тәрбиеленушісі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өткен жылы Түлкібас АПБ кезекші бөліміне аудандық мектеп-интернаттың бір меңгерушісі олардың тәрбиесіндегі оқушы қыз із-түзсіз жоғалғаны туралы арызданады. Арызданушының айтуынша, кешкі уақыт шамасында 14 жасар оқушы қыз интернаттан қашып кетіп, содан қайтып келмеген.

«Осы айлар аралығында Түлкібас АПБ-нің полицейлері жоғалып кеткен кәмелетке толмаған қызды іздестіруді тоқтатпады. Жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде түлкібастық полицейлер қызды бес ай өткен соң, Шымкент қаласынан тауып, ата-анасына дін-аман тапсырды. Бүгінде оның өмірі мен денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ. 14 жасар қыз осы уақыт аралығында Шымкент қаласында жүріп, жұмыс істегенін мойындады. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықтауда», – делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы