443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында жүк пойызы 37 жылқыны қағып кетті

  • 238
  • UPD: 13:50, 09.03.2020
Ақмола облысында жүк пойызы 37 жылқыны қағып кетті

7 наурызда сағат 04.55-те Көкшетау станциясындағы Желілік полиция бөліміне Қарағай-Уголки аралығында жүк пойызының машинисі шұғыл тежеу қолданып, 37 жылқыны қағып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті.

Осы дерек бойынша оқиға орнына Көкшетау станциясындағы ЖПб-нің жедел тергеу тобы шықты.

Көлік полицейлерімен жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде жылқылардың иесі анықталды. Ол – Ақмола облысының 43 жастағы тұрғыны. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1 бөлігі, яғни, темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Ақпарат көзі: Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы