Nissan Teana автокөлігінің жүргізушісі жақындап қалған жүк пойызын байқамаған. Соның кесірінен тауар тиелген вагон көлікті жанап өтіп, темір тұлпар арыққа түсіп кеткен. Бұл туралы облыстық полиция департаментінен хабарлады.
Жол-көлік оқиғасы 9 наурызда Батыр ауылындағы теміржол торабында болған.
«Аталған өткелде жол белгілері орнатылған. Көлік жүргізушісіне қатысты кодекстің «әкімшілік құқықбұзушылық» туралы бабына сәйкес хаттама толтырылды», – деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.
lada.kz