413,26 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында жеті жастағы қызды жәбірлеген күдікті ұсталды

  • 285
  • UPD: 18:22, 10.03.2020

Алматы облысында 7 жастағы қыз баланы ұрлап әкетіп, зорлық көрсеткен күдікті қолға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, жантүршіктірер жағдай наурыздың жетісі күні Талғар ауданы Талдыбұлақ ауылында болған. Жергілікті тұрғынның бірі 2012 жылғы баласының жоғалғанын айтып, тәртіп сақшыларына жүгінген. Соның негізінде жедел іздестіру тобы құрылып, аулаларды шолу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде ауылдағы жертөленің бірінен жәбір көрген жеткіншек ес-түссіз жатқан жерінде табылды. Оқиға орнында 1990 жылғы ер адам ұсталып, уақытша изоляторға қамалды.

Ақбота Әзірбекова, облыстық ПД ресми өкілі:

- Бұл факті бойынша ҚР ҚК 120-бабы 4-тармағы бойынша іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Барлық сараптамалар тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы