411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында өткен мереке күндері 26 жүргізуші мас күйінде ұсталды

  • 287
  • UPD: 15:27, 10.03.2020
Ақмола облысында өткен мереке күндері 26 жүргізуші мас күйінде ұсталды

Бұл – айналасы 2-3 күннің ішінде тәртіп бұзғандар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы осы күндері аймақ жолдарында көлік жүргізушілері тарапынан 1500-ден астам заңбұзушылық тіркеліпті. Олардың басым бөлігі жылдамдықты асыру, қауіпсіздік белдігін тақпау және рөлде отырып, ұялы телефонмен сөйлесу. Ал, жыл басынан бері өңірде 170-тен аса адам темір тұлпарды мас күйінде тізгіндеп, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Айта кетейік, осы жылдан бастап мас жүргізушілерге қатысты жаза күшейтілді. Мәселен, ішімдік ұрттаған адам алғашқы рет ұсталса, ол көлік жүргізу құқығынан 7 жылға айрылады. Ал, екінші рет ұсталғандар 13 млн теңгеден астам айыппұл төлейді немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Әсет Байтеленов, облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары:

- Өткен мереке күндері ұсталған 26 жүргізушінің біреуі қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Себебі, ол, екінші рет ұсталып отыр. Ал, жыл басынан бері осындай 30-дан астам жүргізушінің ісі сотқа жолданған.

Хабар 24 телеарнасы