420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада балабақшадан тұрмыстық тауарлар ұрлаған күдікті ұсталды

  • 387
Елордада балабақшадан тұрмыстық тауарлар ұрлаған күдікті ұсталды

Елордалық полицейлер Дүкенұлы көшесіндегі балабақша аумағындағы қойма ғимаратында құлыпты бұзып, тұрмыстық химия, шаруашылық тауарларын, сондай-ақ қоқыс контейнерін ұрлаған бұрын соттталған 40 жастағы қала тұрғынын ұстады. Бұл жөнінде Нұр-Сұлтан қаласының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Тергеу барысында күдікті кінәсін мойындады. Заттай айғақтар тәркіленді. Қазіргі уақытта ұрлық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған азамат Нұр-Сұлтан қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның қала аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті жыл басынан бері ұрлыққа қатысты жауапкершілік күшейтілгенін ескертеді. Енді қылмыстың осы түрі ауыр санаттар қатарына кірді. Ал жаза түрінде мүлкін тәркілеп, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Бітімге келу мүмкіндігі алынып тасталды.

Хабар 24 телеарнасы