447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қармен жүретін арнайы техника мініп тайраңдаған браконьерлер аңдарды қырды

  • 107
  • UPD: 23:21, 10.03.2020

Ақмола облысында заңсыз аң аулаған күдіктілер ұсталды. Оқиға Ақкөл ауданына қарасты «Құзған» аңшылық шаруашылығында болған.

Оқиға орнына дереу жеткен қорықшылар мен полицейлер, сол маңда жүрген 39 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны мен 38 жастағы жергілікті азаматты ұстайды. Олардан оққа ұшқан 2 қабан мен 2 елік, сондай-ақ қарда жүретін арнайы техника тәркіленген. Осылайша олардың табиғатқа тигізген залалы 2 млн теңгеден асады деп бағаланып отыр. Айта кету керек, күдіктілерден тәркілген қарулар, құзырлы органдарда тіркелмеген болып шықты.  

Гүлнәр Пинчук, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Аталған дерек бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 337-бап 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Аталған баптың санкциясына сәйкес күдікті 5 мың (АЕК) айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуі немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Жалпы бұл жыл басынан бері тіркеліп отырған 9-заңсыз аң аулау дерегі.

Хабар 24 телеарнасы