424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Балқашта коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан тұрғын ұсталды

  • 1112
  • UPD: 14:22, 13.03.2020
Балқашта коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан тұрғын ұсталды Tengrinews.kz

Күдікті таратқан аудио ата-аналардың чаты мен түрлі топтарға тарап, артынша жазба полиция қызметкерлеріне жеткен.

Аудио авторы жақында көптеген адам, яғни, 300-ге жуық тұрғын Балқаш медицина колледжінің жатақханасына жатқызылатынын айтқан.

Полицейлер күдіктіні ұстаған. Іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. 

Сонымен қатар, полиция өкілдері тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды. Егер күдіктінің кінәлі екені анықталса, ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Айта кетейік, Қылмыстық кодексте (274-бап) көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. 

Хабар 24 телеарнасы