445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыға коронавирус жұқтырған адаммен бірге ұшып келген 24 жолаушы іздестірілуде

  • 147
  • UPD: 23:43, 13.03.2020
Алматыға коронавирус жұқтырған адаммен бірге ұшып келген 24 жолаушы іздестірілуде

Алматылық дәрігерлер коронавирус жұқтырған адаммен бірге Франкфурттан ұшып келген 24 жолаушыны іздестіріп жатыр.

Дәрігерлер ол азаматтар міндетті түрде тексерілуі тиіс дейді. Қала әкімдігінде өткен брифингте 9 наурызда Франкфурттан келген ұшақ ішінде 68 жолаушы болғаны айтылды. Оның ішінде 46 жастағы адамнан COVID-19 белгісі табылды. Осы уақытқа дейін ол үй жағдайындағы карантинде болған. Диагонозы анықталғаннан кейін сол рейспен ұшып келген 40 жолаушы шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Төрт адам өзге елге ұшып кеткен. Қалғандарымен дәрігерлер әлі байланыс орната алмай отыр. Сонымен қатар, коронавирус жұқтырған алматылықтың туысқандары мен жақындары да оқшауланған. Жалпы қалада карантинге арнап екі инфекциялық аурухана және бір көп салалы орталық әзірленген. Вирусқа тексеру үш зертханада жүргізіледі. Қан талдамасы 3-4 сағаттың ішінде анықталады.

Дәрігерлердің айтуынша, 24 ақпан мен 13 наурыз аралығында Алматыға шетелден 11340 адам келген. 

Тілеухан Әбілдаев, қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы:

- Оның ішінде 10852 адам анықталып қазір дәрігерлердің бақылауында. Медициналық мекемелерде ол азаматтарды іздеп, оларды тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Тізім анықталуда. Табылмаған адамдармен Полиция департаментінің Көші-қон қызметі, шетелдік азаматтармен Ұлттық қауіпсіздік комитеті айналысуда.

Хабар 24 телеарнасы