412,10 452,40 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда газ жарылысынан екі адам зардап шекті

  • 225
  • UPD: 23:31, 17.03.2020
Талдықорғанда газ жарылысынан екі адам зардап шекті

Талдықорғандағы пәтерлердің бірінде газдың жиналуынан жарылыс болды.

Соның салдарынан көгілдір отын тартатын мекеменің екі қызметкері жапа шекті. Оқиға болған кезде олар газды есептейтін құрылғыларды орнатып жатқан екен.

«Күйік шалған мамандар ауруханаға жеткізілді, қазір денсаулығы қалыпты жағдайда», - дейді Облыстық ТЖД ресми өкілі Азамат Жұртбай. Осы үйде тұратын тұрғындар да эвакуацияланды. Барлығы 15 адам қауіпсіз жерге шығарылған. Оқыс оқиғаның зардаптарын жою жұмыстарына 7 техника мен 21 адам жұмылдырылды.

Авторы: Шыңғыс Қалиден

Хабар 24 телеарнасы