435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда 1 миллион медициналық масканы заңсыз сатпақ болғандар ұсталды

  • 120
  • UPD: 22:48, 19.03.2020

Атырауда 1 миллион медициналық бетпердені сатпақшы болғандар анықталды. Атырау облысы бойынша экономикалық іздестіру департаменті заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан топты ұстады.

Елдегі жарияланған төтенше жағдайға қарамастан оңай олжаға құныққандар бағасы 313 миллион теңгелік бетпердені сатпақшы болған. Тексеру барысында олардан аталған тауарға қатысты ешқандай құжат табылмады. Қазір тергеп тексеру амалдары басталды.

Хабар 24 телеарнасы