435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда тағы екі үй карантинге алынды

  • 330
  • UPD: 13:05, 20.03.2020

Гоголь және Қонаев көшесінде орналасқан көп қабатты үйлердің тұрғындары арнамызға өздері түсірген бейне материалдарын жіберіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың айтуынша, түннен бері тұрғынжайлардың жанында Ұлттық ұлан сарбаздары мен тәртіп сақшылары жүр. Айнала темір қоршаумен қоршалған. Әзірге көрші үйлер оқшауланбаған екен. Бірақ Гоголь көшесіндегі балабақшалар жұмыс істеп тұр. Ал Қонаев көшесіндегі үйдің тұрғыны карантин екі аптаға жалғасатынын жеткізді.

Индира Хаметчина, қала тұрғыны:

- Карантин туралы біз түнде білдік. Түнгі бірде ауламызды қоршай бастады. Сол кезде 15 күндей үйден шықпай отыратынымызды түсіндік. Әзірге ешқандай ақпарат берілмеді. Үйімізде азық-түлік дүкені мен дәріхана жоқ. Енді азық-түлік пен дәрі-дәрмекті қайдан алатынымызды білмейміз. Бірақ бір реті болар.

Хабар 24 телеарнасы