435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Карантин кезінде елордаға азық-түлік қалай жеткізіледі?

  • 130
Карантин кезінде елордаға азық-түлік қалай жеткізіледі?

Нұр-Сұлтан қаласы карантинге жабылғанымен, азық-түлік жеткізуде мәселе туындамайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі, бас шаһарға жақын орналасқан аймақтар «Жасыл дәліз» жобасы аясында күнделікті тұтынатын азықтарды үзбей жеткізіп отырады. Мәселен, іргедегі Ақмола облысы бас шаһарға күніне 80 тонна ет және ет өнімдерін, 200 тоннадай сүт, 25 тоннаға жуық ұн және 700 мың дана жұмыртқа тасымалдайды. Мамандар «өнім жеткізуде ешқандай кедергі болмайды, дейді. Дегенмен, оның да өз тәртібі бар.

Айта кетейік, бүгінде Ақмола облысында 130-ға жуық кәсіпорын елорданың азық-түлік белдеуіне жұмыс істеп жатыр.

Ғалымжан Әбдіхалықов, облыс әкімінің орынбасары:

- Штаб құрылған. Сол штабқа күнделікті тізімдер келеді. Тексерістен өтеді. Ол тексерістен өткен тізімдер бекеттерге беріледі. Бекеттерде келген автокөліктерді тексеріп, дезинфекциялық тазартудан өтеді де ары қарай ешқандай бөгетсіз қалаға кіруде.

Хабар 24 телеарнасы