435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда маңындағы Қосшыға баратын блок-бекетте мас жүргізуші ұсталды

  • 117
  • UPD: 20:20, 22.03.2020

Елорда мен Қосшы ауылы арасындағы бекеттен өтпек болған жүргізуші 15 тәулікке қамалды. Құқық қорғау органдарының өкілдері сабырға шақырғанымен, көлік жүргізушісі тәртіпке бағынбай, тіпті санитарлық дәрігерге қарсылық көрсеткен.

Кейін оның рульге мас күйінде отырғаны белгілі болды. Полиция қызметкерлері бұзақыны қамауға алып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды. Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешіміне сай, ол 15 тәулікке қамалып қоймай, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Бұдан бөлек 40 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Ал осы көлікте отырған жолаушының пробациялық бақылауда болғаны анықталды. Ол азаматқа да әкімшілік хаттама толтырылды.

Хабар 24 телеарнасы