435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада қатты желден бірнеше ғимараттың шатыры ұшып кетті

  • 205
  • UPD: 21:24, 24.03.2020

Қызылорда облысында күшті жел соғып, бірнеше ғимараттың шатыры құлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның бірі Жаңақорған ауданындағы Шалқия кентінде болды. Мұнда №86 мектептің төбе жабындысының 400 шаршы метрі зақымданды. Ал Жалағаш ауданында мәдениет үйінің шатыры ұшқан. Сондай-ақ Қызылорда қаласындағы университет ғимаратының да сыртқы қаптамасы жойқын желге шыдас бере алмады.

Айта кетейік, кешелі бері аймақта ауа райының қолайсыздығына қатысты дабылды ескерту жарияланған еді. Синоптиктердің болжамынша, желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жетті.

Бақыт Ембергенов, «Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі» ММ бастығының орынбасары:

– Жоғарыда ілініп қалған темірлердің барлығын жедел құтқару жасағының қызметкерлері кесіп бердік. Барлығы құлаған 300 шаршы метрдей болады. Қазіргі таңда өздерінің жұмысшылары тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Көшемен адамдар өтпеген. Адам шығыны жоқ.

 

Хабар 24 телеарнасы