435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда коронавирус жұқтырған әйел тұрған үйдің подъезі карантинге жабылды

  • 524
  • UPD: 18:34, 25.03.2020

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған әйел тұрған үйдің подъезі карантинге жабылды.

Санитар мамандар зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарға кіріп шығуға тыйым салынды. Қазір онда полицейлер кезекшілік етіп отыр. Ал науқастың өзі ауруханада. Одан тағы бір анализ алынып, зертханаға жіберілді. Бұған дейін белгілі болғандай, 27 жастағы азаматша наурыздың 23-і пойызбен Омбыдан Петропавлға ауырып келіп, екінші күні дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Бүгінгі таңда онымен қатынаста болған 80 адам анықталды. Олардың арасында шекара қызметкерлері де бар. 

Тимур Сұлтанғазиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Қазіргі таңда науқастың жағдайы жақсы. Дене қызуы түсті. Шағымы жоқ. Онымен қатынаста болған барлық адам анықталып, карантинге жабылды. Олардың анализі зерттеуге алынды.

Хабар 24 телеарнасы