427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Карантин: Алматыда 39 адам әкімшілік қамауға алынды

  • 336
  • UPD: 20:03, 25.03.2020
Карантин: Алматыда 39 адам әкімшілік қамауға алынды

Алматыда карантин тәртібін елемей, қалаға рұқсатсыз өтпек болған 83 адам жауапқа тартылды. Олардың басым бөлігі іргелес елді мекендерден қалаға жасырын кіруге әрекет қылғандар.

Бірақ жолдары кесіліп, тәртіп сақшыларына ұсталып жатты. Нәтижесінде 39 адам уақытша қамауға алынды. Жалпы карантинге жабылғалы бері Алматыда  ұрлық 45 пайызға, ал жол апаты 75 пайызға азайды.

Жандос Мұратәлиев, қалалық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының басшысы:

- Қазіргі таңда Алматы қаласының осы блок-посттары қосымша тағы да 30 блок пост қойылды. Себебі кейбір азаматтар бізге кол центрге хабарлауына байланысты. Осы режимді бұзған 83 азаматқа әкімшілік шара қолданылды.

Хабар 24 телеарнасы