448,52 487,00 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус жұқтырған шымкенттік жігітпен бір автобуста болған жолаушылар іздестіріліп жатыр

  • 172
  • UPD: 22:56, 25.03.2020
Коронавирус жұқтырған шымкенттік жігітпен бір автобуста болған жолаушылар іздестіріліп жатыр

Коронавирус жұқтырған шымкенттік жігітпен бір автобуста болған жолаушылар іздестіріліп жатыр. Рейстің қалаға қашан, қалай келгені айтылып, көліктің номері жария етілді, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

«Нұр-Сұлтан қаласынан Жетісайға (Түркістан облысы) мемлекеттік нөмірі «646 FNB 13» автобуспен сапар шеккен жолаушылар коронавирус инфекциясына сараптама тапсыру және одан ары карантинге орналасу үшін тұрғылықты немесе тіркелген жері бойынша 103 қызметіне жүгінуі қажет», - делінген шұғыл таратылған ақпаратта.

Сайт мәліметінше, автобус Нұр-Сұлтан қаласынан 19 наурыз күні сағат 17-30-да жолға шыққан. Шымкент қаласына 21 наурыз күні сағат 23-30-да келіп, «Бекжан базары» аялдамасына тоқтаған. Ал Жетісай қаласына 22 наурыз күні таңертең жеткен. Қазіргі сәтте автобуста болған 51 жолаушының 41-і табылып, барлығы стационарлық карантинге жатқызылды. Вирус жұқтырған шымкенттікпен автобуста бірге келген 16 жолаушы іздестіріліп жатқанын бұған дейін хабарлаған едік.

Хабар 24 телеарнасы