432,55 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда көгершіндердің қырылу себебі анықталып жатыр

  • 284
Алматыда көгершіндердің қырылу себебі анықталып жатыр

Алматыда көгершіндердің неден қырылғаны анықталып жатыр. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін бізге Алматыдағы 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында жансыз жатқан әрі әлсіреп құлаған көгершіндерге қатысты фото мен видеоматериалдар келіп түсті. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Алматы облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мамандары жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп, көгершіндерді тексеру үшін лабораториялық зерттеу жүргізгелі жатыр», - деп жазды Сәкен Ділдахмет Facebook-тегі парақшасында.

Комитет өкілі құстардың қырылу себебі зерттеуден кейін ғана жарияланатынын мәлім етті.

Айта кетсек, әлеуметтік желіге тараған өлі құстарға қатысты әртүрлі болжам айтылып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы